Алматыда автобустар газға көшеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда автобустар газға көшеді

05.08.2022

Нарықтағы көгілдір отынның бағасы шығынды ақтамайды. Салдарынан «QazaqGaz» биыл 180 миллиард теңге көлемінде шығынға ұшырамақ. Бұл жайлы компания төрағасы Санжар Жаркешов айтты. Дегенмен кәсіпорын бірқатар мәселелерді қолға алмақ. Соның бірі қоғамдық көліктерді көгілдір отынға көшіру. Бұл экологиялық тұрғыдан маңызды. Әрі дизель отынына қарағанда газ - екі есе арзан. Қазір Алматыда 800 ге жуық қоғамдық көлік газға ауыстырылған. Алдағы жылдары автобустарды толықтай экологиялық таза көліктер санатына көшіру жоспарланып отыр.

Санжар Жаркешов, «Qazaqgaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы:

Қалған автобустарды газға айналдыру мәселесі өте өзекті. Ол үшін біз жаңадан екі газ толтыру станциясын салмақшымыз. Өйткені тұтынушылар көбейеді. Сондықтан оған газ да бар. Біздің инвестициямыз да бар. Ең бастысы сұраныс болса, біз өндірісті арттырамыз.

Дархан Рахымжан

Хабарламаларға жазылу