Өскеменде экологиялық ахуал ушығып барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде экологиялық ахуал ушығып барады

25.07.2022

Өскеменде экологиялық ахуал ушығып барады. Сондықтан өңірдегі экологтар бірінші кезекте, қоғамдық көліктерді газға көшіру керек деп дабыл қағуда. Өйткені қаладағы автопарктердегі кейбір автобустар 30-40 жылдан бері жолаушы тасымалдап келеді. Олар орнынан қозғалғанда-ақ, маңайын улы қара түтінге көміп кетеді. Қала әкімдігі биыл «Жол картасы» бағдарламасы негізінде автопарктерге ақша бөліп, 200 автобусқа газ қондырғысын орнаттыруды жоспарлаған. Алайда бюджетте қаржы аз болғандықтан бұл жоба іске аспай қалды. Дегенмен экологтар әрбір автопарк басшысын қаланың эко-ахуалын жақсарту бойынша кешенді жоба жасатуға үгіттеумен келеді. Ал Шығыс Қазақстан соның ішінде Өскемен қаласы еліміз бойынша қатерлі ісік пен онокологиялық ауруға шалдықан науқастар саны бойынша алғашқы үштікке енеді.

Хабарламаларға жазылу