Елімізде этно медиаторлардың жұмысын жетілдіру қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде этно медиаторлардың жұмысын жетілдіру қажет

05.08.2022

Ел ішінде ұлтаралық қақтығысты болдырмау үшін этно медиаторлардың жұмысын жетілдіру қажет. Шымкентте өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кеңесінің жиынында осы мәселе кеңінен талқыланды. Мемлекет басшысы этномедиаторлар мен кәсіби келіссөз жүргізушілерді даярлау, оқу орталығын ұйымдастыру жөнінде тапсырған еді. Ассамблея төрағасының орынбасары Марат Әзілханов осы міндетті іске асыру тетіктерін атап өтті. Бүгінде Ассамблея құрамында екі мыңға жуық медиатор бар. Олар бес жылда 150 мыңға тарта шағымды қарап, бітімгерлік жұмыстарын атқарған. Ел арасындағы дауларды сотқа жеткізбей, шешімін табуға атсалысты. Сондықтан Ассамблея жанынан этномедиация орталығын құру маңызды дейді жиынға қатысушылар.

Марат Әзілханов ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігі ҚХА хатшылығының меңгерушісі:

Ол орталықта біз өңірлердегі медиациямен айналысатын азаматтарды жүйелі түрде оқытып, даярлайтын боламыз. Басты мақсат халықтың кіші шағын болған жағдайда, екі адамның арасындағы мәселелер туындаған кезде оны сотқа жеткізбей, кішігірім уақытта тез шешу жолын тауып, халықтың мәселелерін шешу.

Айнұр Ақбаева  

Хабарламаларға жазылу