Қазақстандық балуандар Әлем чемпионы атанды
Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында ел қоржыны екі алтын жүлдемен толықты.
Дарын Әскербек Италияның Рим қаласында өткен әлем чемпионатында 55 келі салмақта ел намысын қорғады. Ол финалда америкалық спортшыны тізе бүктіріп, әлем чемпионы атанды. Өзара белдесуде отандасымыз 11:10 есебімен жеңіске жетті. Ал, екінші чемпионымыз - Камил КуруГлиев. Сенімді ойын көрсеткен ол-- финалда қарсыласын айқын басымдықпен жеңді. Спортшыларымызды жанкүйерлері Алматы әуежайында күтіп алды
Дарын Әскербек, Еркін күрестен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы:
Мен үшін жарыс оңай болмады. Дайындық та жақсы болды. Бастысы, жарақатсыз өтті. Бұл тек бастамасы. Болашақта халықаралық аренада көк туымызды желбіреткіміз келеді.
Дәулет Тұрлыханов, Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті:
Еркін күрек құрама командасының жетістігі басқа командаларға үлкен өнеге. Ендігі мақсат - екі жылдан кейін өтетін жазғы Олимпиада ойындары. Соған бар күшімізді салып, дайындалып жатырмыз.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қазақстан халқына Жолдауын қазан айында жасайтынын айтты
13.09.2026, 20:05
Елімізде қандай салаларда маман тапшы?
13.09.2026, 20:00
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-та өткен US Open жарысының жеңімпазы атанды
13.09.2026, 19:59
Президент Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздарын марапаттады
13.09.2026, 19:57
Қытай көліктері Еуропа нарығына қалай әсер етіп жатыр?
13.09.2026, 19:55
Базалық мөлшерлемедегі өзгеріс: Ипотека нарығына әсер ете ме?
13.09.2026, 19:50
«БРИКС плюс» саммиті: Қандай мәселелер көтерілді?
13.09.2026, 19:46
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17