Тұңғыш рет Сәкен Сейфуллинге қатысты құжаттар көрмеге шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұңғыш рет Сәкен Сейфуллинге қатысты құжаттар көрмеге шығарылды

14.10.2014
Тұңғыш рет Сәкен Сейфуллинге қатысты құжаттар көрмеге шығарылды

Елордада тұңғыш рет мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар келушілер назарына ұсынылды.

Яғни көрмеде 1913-1934 жылдар аралығындағы деректер қамтылған. Бұл шара жазушының туғанына 120 жыл толуына сәйкес ұйымдастырылып отыр.

Сондай-ақ, ертең Астанадағы Ұлттық мұрағатта Сәкен Сейфуллин әндерінің тұңғыш үнтаспасының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Жинақтаушы автор - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов.

Айғаным АЛИПОВА

 

Хабарламаларға жазылу