Биыл Сәкен Сейфулиннің туғанына 130 жыл толады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл Сәкен Сейфулиннің туғанына 130 жыл толады

13.01.2024

Биыл ақын, жазушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толады. Атаулы датаға орай, мемлекет қайраткерінің өмірі мен шығармашылығына қатысты 3 бірдей туынды жарық көреді. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин атындағы музейдің директоры Марат Әбсеметов мәлімдеді. Сәкентанушының айтуынша, бұл мерейтой республикалық ғана емес, халықаралық деңгейде аталып өтуі тиіс. Аида Ахметбек рет-ретімен..

Сәкен Сейфулиннің зерттелмеген қырлары, бізге беймәлім сырлары көп. Ақынның өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер осылай дейді. Қазір мемлекет қайраткері жайлы том-том кітап жарық көріп, зерттеу жұмыстары жалғасып жатыр. Биылдың өзінде 3 бірдей туынды жарық көреді.

Марат Әбсеметов, Сәкен Сейфуллин атындағы музей директоры:

Сәкеннің зерттеулерінде Үкімет басындағы үкімет басшысы болған жөнінде үлкен зерттеу шығады. Сосын асау тұлпар, кезінде шыққан біздің қызметкеріміз Алуа Тоқтарбаева, измирде түрік тілінде зерттеп, араб әріпінен алып үлкен кітап жазды, оны да шығарамыз. Сосын музыка мұрасына байланысты үлкен зерттеулер шығады.

Ақынның музыкалық қыры, композиторлық өнері көпке таныс. Оның бұл дарыны оның туысы, белгілі этномузыкант, мәдениет қайраткері Алтай Құсайыновқа дарыған деседі. Бүгінде ол, Сәкен Сейфулиннің мұрасын дәріптеп жүр.

Алтай Құсайынов, Сәкен Сейфуллиннің туысы:

Жүрегіме жақыны Т»ау ішінде», сол әнді қатты жақсы көремін. Мен ойлаймын 3-4 композиция қылып, Сәкен Сейфуллинге арналған поппури жазамын деп, фортепианнода. Пианистер ойнасын деп соны, бір жарты жыл немесе бір жыл.

Сәкен Сейфуллинге қатысты біраз құжат әлі де мұрағаттан шығарылған жоқ. Биылғы мақсат - архивті ақтару, тарихты қазбалау, - дейді Сәкентанушылар. Бұдан бөлек, ақынның өмірі мен шығармашылығына байланысты фильм түсіру де жоспарланып отыр.

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу