Елде ревакциналау қарқыны төмен – Денсаулық сақтау министрі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде ревакциналау қарқыны төмен – Денсаулық сақтау министрі

02.08.2022

Елде эпидахуалдың күрделенгенін көріп отырса да, кей өңірлердің әкімдері жайбарақаттыққа салынған. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Атырау, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарына қатысты осылай деді.

Бұл өңірлерде ревакциналау қарқыны өте төмен. Екпе салдырғандар 55 пайызға да жетпейді. 

Асылбек Данияр, тілші:

Араға екі апта салып Үкімет отырысы онлайн форматта өтті. Ревакцинация қарқыны төмендегені үшін Денсаулық сақтау министрінің сынына қалған үш аймақтың әкіміне Премьер-министр Әлихан Смайылов қатаң тапсырма берді.

 «Жасыл» және «сары» аймаққа кірген өңірлерде бизнес нысандардың қызметі шектелмейді. Тиісінше, санитарлық талаптар күшейіп, қоғамдық орындарда маска тағу ұсынылады. Ал «қызыл» аймақта шектеу екі кезеңмен қабылданады. Вирус жұқтырып ауруханаға жатқандар 50 пайыздан асса, бизнес шектеусіз жұмыс істейді, маска міндетті болады. Ал 50 пайыздан асса, бизнес нысандарда «Ashyq» қосымшасы жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарына қосымша шектеулер енгізіледі. Қызметкерлердің 30%-ы қашықтан жұмыс істеуге ауысады.

Соңғы екі аптада ауырған адамдар саны 3,2 есеге өсті. Өткен тәулікте індет екі мыңнан аса адамнан анықталды. Қазір жұқпалы ауруханаларда мың жарымнан аса адам емделіп жатыр. Жансақтау бөлімінде 45 адам ем қабылдауда. 37-сінің жағдайы ауыр. 

Хабарламаларға жазылу