Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятты қабылдады

18.02.2022

Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятты қабылдады. Министрліктің мәліметінше еліміздегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Қазіргі уақытта стационарлардың 20 пайызында ғана науқастар ем алып жатыр.

Сондай-ақ көптеген шектеу шаралары алынды. Қазір ревакциналау жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп отыр. Сонымен қатар биыл Балалар жылы болып жарияланғандықтан, балалардың денсаулығына көп көңіл бөлінеді. Атап айтқанда мектептегі медицинаның жаңа тәртібі мен стандарты қабылданады. Мемлекет басшысы министрліктің жұмыс бағытын қолдайтынын айтып, денсаулық сақтау саласын одан әрі дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. 

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу