Денсаулық сақтау министрі Жаңақорғанға барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрі Жаңақорғанға барды

13.03.2014
Денсаулық сақтау министрі Жаңақорғанға барды
Кеше ғана су астында қалған Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы медициналық мекемелердің жай-күйімен танысу үшін Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова арнайы жұмыс сапарымен барды.
 
Министр 1976 жылы салынған ғимаратты аралады. Бұл мекемеде медициналық талапқа сай қызмет көрсету қиын. Бөлмелері қыста мүлдем жылымайды, ыстық су ақпайды, кәріздік жүйе жұмыс істемейді. Сондықтан жергілікті әкімдік министрден жаңа емхананың құрылысын жүргізу жөнінде ұсыныстарын айтты.  
 
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу