Асқар Мамин: Келесі жылы 9 миллион қазақстандық ревакциналаудан өтуі қажет
Елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанымен, босаңсуға болмайды. Өйткені әлемде Омикрон штамы жылдам тарауда. Сол себепті ревакцинацияны күшейту керек. Бұл туралы Үкіметте Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев мәлімдеді. Еліміздегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанымен, әлемдегі ахуал алаңдатарлық. Соңғы екі аптада Еуропаның 18 елінде қауіпті індетті жұқтырғандар саны айтарлықтай артқан. Оның үстіне Омикрон штамы тез тарап жатыр. Сондықтан үкімет отырысында елімізде екпе салу, ревацинация жасау жұмысын күшейту қажеттілігі айтылды.
Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Қазіргі уақытта 9 миллионнан астам адам бірінші компонентті салдырды. Бұл - 18 жастан асқан тұрғындардың 80 пайызына жуығы. Шамамен 8,5 миллион адам екінші компонентті салдырды. Бұл - 75 пайызы. Жаппай ревакциналау бойынша жұмысты күшейту керек. Келесі жылдың бірінші жартыжылдығында шамамен 9 миллион адам ревакциналаудан өтуі керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Вашингтонда бүгін Израиль-Ливан келіссөзі өтеді
14.04.2026, 20:15
Вашингтон мен Тегеран келіссөздердің екінші раундын өткізу мәселесін талқылап жатыр
14.04.2026, 20:12
Ертеңнен бастап мобильді аударымдар тексеріледі
14.04.2026, 20:10
Елімізде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 8,5 пайызға өсті
14.04.2026, 20:07
Ажырасуға өтінім берген 400-ге жуық ерлі-зайыпты татуласты
14.04.2026, 20:05
«Қазақстан халқына» қоры: 134 қайырымдылық жоба бекітілді
14.04.2026, 20:05
Күніне 100-ден астам адамды ит қабады
14.04.2026, 20:05
Былтыр Жетісу облысына 610 млрд теңге инвестиция тартылған
14.04.2026, 20:04