Украиналық астық тиелген кеме Босфорға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украиналық астық тиелген кеме Босфорға жетті

03.08.2022

Украинада қарулы жанжал басталғалы алғаш рет сапарға аттанған кеме Түркияға жетті. Ол Одесса портынан шыққаннан кейін 36 сағат өткенде Қара теңізден Босфор бұғазына енген.

Су көлігінің бортында 26 мың тоннадан астам жүгері бар. Бұл жүк Ливанға жеткізілуі керек.

Ресей мен Украина Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Түркияның арағайындығымен астық экспортын жандандыру туралы келісімге өткен айда Ыстанбұлда қол қойды.

Айта кетсек әскери жанжал кесірінен Украина қоймаларында 22 миллион тонна бидай мен өзге де ауылшаруашылығы өнімдері жиналып қалып, халықаралық нарыққа шыға алмай отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу