Президент Грузияның премьер-министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвилиді қабылдады.
Кездесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. Сонымен қатар көлік-логистикалық іс-қимылдар бағытын да пысықтады. Көршілес Қытайға тікелей шығатын мүмкіндігі бар болғандықтан, Қазақстан өз нарығын Орталық Азияға ашылатын қақпа ретінде қарастыруды ұсынады. Бұдан бөлек, екі ел арасындағы тауар айналымы ұлғайып келеді. Бірінші жартыжылдықта көрсеткіш 150 пайызға өсті. Байланысты кеңейту үшін қос тараптың да әлеуеті мол. Барлық сала бойынша қатынастарды кеңейтуге екі ел де мүдделі екенін жеткізді.
Асима Нұрбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
37 сарбаз әскерден оралды
04.04.2026, 20:16
Азия чемпионаты: Боксшыларымыз бас жүлдеден үмітті
04.04.2026, 20:14
Кәрім Меңдіханов келер маусымда «Барселона» сапында ойнауы мүмкін
04.04.2026, 20:11
Қазақы тазы саны төрт мыңнан асты
04.04.2026, 20:08
Үкімет Қожа Ахмет Ясауи мұрасын насихаттау жөніндегі жоспарды бекітті
04.04.2026, 20:08
Жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы аяқталды
04.04.2026, 20:07
СҚО-да 37 мың адам сенбілікке шықты
04.04.2026, 20:05
Қытайлық блогер Т.Минсю ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды
04.04.2026, 20:05