Атырау облысында жеңіл автокөлік жүргізушісі тас жолдан өтіп бара жатқан қойларды қағып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында жеңіл автокөлік жүргізушісі тас жолдан өтіп бара жатқан қойларды қағып кетті

25.07.2022

Атырау облысында жеңіл автокөлік жүргізушісі тас жолдан өтіп бара жатқан қойларды қағып кетті. Оқиға Жантерек елді мекенінің тұсында болған. RAVON теміртұлпары барлығы 24 бас ұсақ малды таптаған. Оқиға салдарынан шаруаға 1 млн 200 мың теңге материалдық шығын келді. Полиция шопанға қатысты әкімшілік іс қозғап, хаттама толтырды. Ол енді малды белгіленбеген жерден өткізгені үшін заң алдында жауап бермек.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу