Алматы облысында жол апатынан әйел екі баласымен мерт болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында жол апатынан әйел екі баласымен мерт болды

25.04.2022

Алматы облысында жан түршігерлік жол апатынан екі баласымен бірге кетіп бара жатқан келіншек мерт болды. Оқиға Талдықорған-Қарабұлақ тас жолында тіркелген. Көлік жүргізушісі 35 жастағы әйел мен оның 1 және 6 жастағы баласын жолдан өтіп бара жатқанда қаққан. Жол көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 19 жастағы жүргізуші қамауға алынып, көлігі айып тұрағына қойылды. Куәгерлердің айтуынша, дәл осы тас жол аумағында жаяу жүргіншілерге арналған өткел жоқ. Адам қағу дерегі жиі болып тұрады.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу