Қостанайда пойызбен жеңіл көлік соқтығысып екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда пойызбен жеңіл көлік соқтығысып екі адам қаза тапты

12.07.2022

Қостанайда пойызбен жеңіл көлік соқтығысып екі адам қаза тапты. Оқиға Тобыл-Құсмұрын бағытындағы Притобол станциясында болған. Куәгерлердің айтуынша, ВАЗ маркалы көліктің жүргізушісі алдында тұрған көліктерді айналып өтіп, теміржолға шыққан. Алайда жолдан өтіп үлгермей сағатына 57 шақырым жылдамдықпен келе жатқан пойызға соғылған. Апат салдарынан көлік жүргізушісі мен оның 40 жастағы жолаушысы мерт болды. Қазір осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ, Жамбыл облысында жол апатынан бір адам қаза тапты. Оқиға Алматы-Тараз тас жолының 342-ші шақырымында болған. Тараздан Алматыға бағыт алған жеңіл көлік өзімен бір бағытта келе жатқан «Зил» жүк көлігінің артқы сол жақ бүйіріне соғылған. Салдарынан 29 жастағы жеңіл көлік жүгізушісі оқиға орынында көз жұмды. Қазір аталған дерекке қатысты тергеу басталған.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу