Оралда көлік жүргізушісі 3 оқушы қызды қағып кетті
Оралда есірткіге елтіген көлік жүргізушісі үш оқушы қызды қағып кетті. Оқиға қалай болды?.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Абырой болғанда, көлік қаққан 11, 12 және 13 жастағы үш оқушы қыз да аман. Қазір біз жанында тұрған облыстық балалар ауруханасында ем алып жатыр. Жағдайлары орташа тұрақты дейді дәрігерлер. Үшеуі де әр түрлі дене жарақатын алған, біреуінің мойны, екеуінің жіліншегі зақымданған. Ал оқиға кеше №30 мектепке қарама-қарсы аялдама маңында болды. Автобустан түсіп, жолдан өтіп бара жатқан қыздарды Газ-53 маркалы асенизатор көлігі қағып кеткен. Бүгін медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес 32 жастағы жүргізушінің марихуанаға мас болғаны белгілі болды. Полиция департаментінің мәліметінше, қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ХХ Жазғы Азия ойындары: Спортшылар лайнерде тұрады
07.09.2026, 20:30
Дарынды оқушы –ұлт болашағы
07.09.2026, 20:28
Дала додасында дараланғандар
07.09.2026, 20:16
Омарташы мамандарды оқытпай, бал экспорты оңалмайды
07.09.2026, 20:16
Атырауда резервтегі әскери міндеттілер дайындықтан өтіп жатыр
07.09.2026, 20:15
Сауалнамаға қатысқандардың 82% қазіргі өміріне қанағаттанады
07.09.2026, 20:11
288 мектепте стоматологиялық кабинет жұмыс істейді
07.09.2026, 20:09
Әлем жаңалықтарына шолу
07.09.2026, 20:09