Қызылордада халықаралық дәстүрлі музыка фестивалі өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада халықаралық дәстүрлі музыка фестивалі өтіп жатыр

10.10.2014
Қызылордада халықаралық дәстүрлі музыка фестивалі өтіп жатыр

Қызылордада «Қорқыт және ұлы дала сазы» халықаралық дәстүрлі музыка фестивалі өтуде. Айтулы шара облыс әкімдігі мен «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының атсалысуымен үшінші мәрте ұйымдастырылды.

Фестивальге дәстүрлі музыканы дәріптеген  тоғыз елдің отыз алты өнерпазы, шығармашылық ұжымдары қатысуда.  Қобыздың қоңыр үні, домбыраның күмбірі, жыр толғау, тоғыз ұлттың сырлы әуені Сыр сахнасын ұлы дала сазына бөледі.

Гүлжан ҚАЛТАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу