«Астана-арқау» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана-арқау» фестивалі өтті

18.08.2016
«Астана-арқау» фестивалі өтті

«Астана арқау!». Осындай атаумен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық құрметіне елордамызда дәстүрлі музыка фестивалі өтті. Оған түркітектес елдердің 20-дан астам өнерпазы қатысып, қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Әзірбайжан, Қырғызстан, Грузия, Саха Республикасы мен Түркіменстанның да мәдениет қайраткерлері осында. Бұл фестиваль түбі бір түркі халықтардың тамыры тереңде жатқан дәстүрлі өнерін байланыстыратын игі бастама.

Осымен тоғызыншы жыл қатарынан шымылдығын түрген фестиваль келер жылы да жалғаспақ.

Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу