Елордада түркі халықтарының музыка фестивалі өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада түркі халықтарының музыка фестивалі өтуде

21.07.2015
Елордада түркі халықтарының музыка фестивалі өтуде

Елордада түркі халықтарын біріктіретін музыка фестивалі өтуде. Халықаралық дәстүрлі музыка кеңесінің 43-ші Бүкіләлемдік конференциясы аясындағы музыка кешінде Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан мен ұйғыр музыканттары өнер көрсетуде.

Үш күнге созылатын концертте өнерсүйер қауым ұйғыр халқының мукамасын, әйгілі әзірбайжандық мугамды, өзбектердің шашмакомын тамашалайды.

Ал, түрік ұлты  зұрнай үрмелі аспабымен шығады. Көне дәстүрлі ән кеші қала, ауыл және дала музыкасын бір арнаға тоғыстырады.

Мерекелік кеш түркітілдес халықтардың мәдени тарихынан сыр шертеді.

 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу