«Дала дауысы» радиофестивалін көріңіз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дала дауысы» радиофестивалін көріңіз

31.01.2015
«Дала дауысы» радиофестивалін көріңіз

Қазақ музыка мәдениетіндегі барлық орындаушылық мәнерді қамтитын «Дала дауысы» – әр жылдардағы қазақ әнінің фестивалі ретінде ойластырылған жоба.

2012 жылдан бастау алған радиофестивальдің негізгі мақсаты – қазақ  әнінің халықаралық деңгейдегі заманауи төлтумалық дыбысын  насихаттау, тыңдаушының талғамынан шыққан шығармалар арқылы орындаушыларды  марапаттау, ән дәстүрдің жалғасуына радиоэфир арқылы ықпал ету.

Байқауды Қазақ радиосы дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.  Халықаралық радиофестивальге қатысатын отандық және алыс-жақын шетелдегі  әншілерге қазақтың дәстүрлі және эстрадалық әндерін жоғары деңгейде орындау талабы қойылған.

Бүгін 19.00-де Ұлттық арнадан «Дала дауысы» ІІІ Халықаралық радиофестивалін тамашалай аласыздар.

Хабарламаларға жазылу