Алматыда Құрманғазының 200 жылдығына орай дәстүрлі музыка фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Құрманғазының 200 жылдығына орай дәстүрлі музыка фестивалі басталды

14.11.2018

Алматыда Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығына орай «Бабадан аманат» дәстүрлі музыка фестивалі басталды. Шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатыр. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Дәстүрлі музыка: тарих және теория мәселелері» атты халықаралық конференция болып, оған елге белгілі өнер майталмандары қатысты. Сондай-ақ, көршілес Өзбекстан, Қырғызстан мен Ресейден келген зерттеушілер қазақтың күй өнерінің ерекшелігі туралы пікірлерін айтты.

Едіге Нәбиев, күйші:

- Құрекең домбырасымен, күйімен қазақтың тарихын жазып кеткен ғұлама адам. 200 жылдығы деп ЮНЕСКО-ның аймағына кіргеннен кейін оған қоса, Президентіміз домбыра күнін жариялағаннан кейін домбыраға, қазақтың күйіне деген талпыныс өте күшті болып жатыр.

Аманкелді СЕЙТХАН

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу