Елордалық кәсіпкерлер арасындағы «Парыз» байқауына өтінім қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық кәсіпкерлер арасындағы «Парыз» байқауына өтінім қабылдау басталды

25.07.2014
Елордалық кәсіпкерлер арасындағы  «Парыз» байқауына  өтінім қабылдау басталды

Елордалық кәсіпкерлер арасындағы «Парыз» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл байқау ережелері өзгерді.

Өтінімдерді қабылдау 1 тамызға дейін ғана жалғасады. Бұған дейін желтоқсанға дейін қабылданып келген.

Ал, желтоқсан айында байқау қорытындысы шығарылып, марапаттау рәсімі ұйымдастырылады.

Жеңімпаздар «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» және «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» аталымдары бойынша анықталады.

Байқауға қатысушылар Қазақстан аумағында қайырымдылық және әлеуметтік қызметпен айналысып, кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі керек, сондай-ақ, ұйымның жұмыскерлерге қарызы болмауы тиіс және ұжымдық еңбек даулары тіркелмеуі қажет.

Айта кетейік, «Парыз» байқауы 2008 жылдан бері аймақтық және республикалық деңгейде жыл сайын өткізіліп келеді.  

Хабарламаларға жазылу