Өмірін өнерге арнаған өнерпаз
Атырауда сазгер, күйші, әнші Нариман Үлкенбаевты еске алу кеші өтті. Шара облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ұйымдастырылды. Кешке оның үзеңгілес достары, өнер жанашырлары қатысып, естеліктерімен бөлісті.
Нариман Үлкенбаев 1939 жылы Атырау облысы, Исатай ауданының, Манаш ауылында дүниеге келген. Дәрігерлік білім алса да, бір бүйрегі әрдайым өнерге тартып тұратын. Күйшілік, сазгерлік қабілетін қатар шыңдаған ол мәдениет үйінің меңгерушісі болып та жұмыс істеді.
Еске алу көрмесінде Нариман Үлкенбаевтың өмірі таныстырылды. Жастар оның әндерін шырқады. Өнер жанашырлары өнер саласына арнап жазған еңбектерінің маңыздылығын айтса, достары, замандастары естеліктерімен бөлісті.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
20 отбасына тегін баспана берілді
14.03.2026, 20:57
Биыл елімізде 90 жаңа мектеп бой көтермек
14.03.2026, 20:53
Ауылдық округтер қосымша табыс көзіне ие болады
14.03.2026, 20:51
Орталық Азиядағы шетелдік инвестицияның 68%-ы Қазақстанға тиесілі
14.03.2026, 20:50
ОРК төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылармен кездесті
14.03.2026, 20:48
ІІМ: Жалған ақпарат таратқандар жазаланады
14.03.2026, 20:47
Бүгін - тыныштық күні
14.03.2026, 20:46
Қазақ тазысының көрмесі әрі тұқымдық байқауы өтті
14.03.2026, 20:13