Шығыста 4 адам кене энцефалитіне шалдықты. Оның үшеуі Өскемен қаласының тұрғыны болса, енді біреуі – қотанқарағайлық. Олар медициналық көмекке жүгінбеген.
Дегенмен дәрігерлер денсаулықтары қалыпты екенін айтады. Ал жалпы аймақта сәуір айынан бері 3102 адамды кене шаққан. Оның 40 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Дегенмен, мамандардың айтуынша, өңірде өткен жылдармен салыстырғанда зиянкестен зардап шеккендер саны биыл әлдеқайда аз. Ерте көктемнен бастап эндемиялық, яғни кене шағу қаупі жоғары аудандарда жылына екі рет зиянкестерді улау шаралары жүргізіледі. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мамандары кене энцефалитіне қарсы егілетін иммуноглобулин қоры жеткілікті деп отыр.
Жалпы шығыста бірнеше аудан мен Риддер, Өскемен қалалары кене энцефалитінің табиғи ошағы саналады.