Бурабайда жас жігіт таудан құлап, жарақат алды
Бурабайда тауға көтерілмек болған елордалық 19 жастағы жігіт 20 метр биіктіктен құлап кетті. Саяхатқа келген жігіттің аяғы сынып, бірнеше жері жараланған. Құтқарушылар мен дәрігерлер оған алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін зембіл арқылы жедел жәрдем көлігіне жеткізді. Қазір ем қабылдауда. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл - соңғы екі күнде Бурабайда тауда болған екінші оқыс оқиға. Алдыңкүні 53 жастағы әйел адам аяғын сындарып алған. Оған да дер кезінде көмек көрсетіліп, құтқарушылар оны 400 метр биіктіктен зембіл арқылы түсірген.
Ермек Елберген
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Волонтерлық қызметтің Конституцияда айқындалуы жастарға серпін береді
13.06.2026, 20:57
Канада мен Босния және Герцеговина құрамасы тең түсті
13.06.2026, 20:07
АҚШ құрамасы Парагвайдан басым түсті
13.06.2026, 20:05
14 маусым – дүниежүзілік қан доноры күні
13.06.2026, 20:05
Аймақта озық ғылыми жобалар жүзеге асып жатыр
13.06.2026, 20:05
Ресейдің 25 өңірінде бензин тапшы
13.06.2026, 20:05
Таиландта 15 күндік аза тұту жарияланды
13.06.2026, 20:04
АҚШ пен Иран бейбіт келісімге 24 сағатта қол қоюы мүмкін
13.06.2026, 20:04