Анастасия Смирновамен бірге қашқан Назар есімді жігіт таудан құлап қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Анастасия Смирновамен бірге қашқан Назар есімді жігіт таудан құлап қайтыс болды

25.07.2017

Алматыда 16 жастағы спортшы қыз Анастасия Смирновамен бірге қашқан Назар есімді жігіт таудан құлап қайтыс болды. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Оның айтуынша, қызды іздеуге жұмылған еріктілер жасөспірімнің Назармен бірге тауда екендігін анықтаған. Алайда, қыз бен жігіт олардан бой тасаламақ болады. Сөйтіп, Назар қызды төменге итеріп, қаша жөнелген. Ал, тасқа басымен соғылған Анастасия ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді. Тауда қашып жүрген Назардың бүгін таңертең мәйіті табылды. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, Анастасия Смирнова 23 шілдеде көрші Қырғызстанда өткен семсерлесу жарысынан келген соң досымен кездесуге шыққан. Содан үйіне оралмаған. Туған-туыстары іздеу салғаннан кейін оған еріктілер жұмылды. 

 

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу