Алматыда турист шыңнан құлап, жарақат алды
Үлкен Алматы шыңына бет алған турист бес метр биіктен құлап, екі аяғын жарақаттады. Оқыс оқиға сенбі күні болған. Шыңға қараңғы түскенше жете алмайтынын түсінген 3 турист артқа қайтуды ойлайды. Алайда қайтар жолды қысқартпақ болғанда, бағытынан адасып кетеді. Қауіпті жерге тап болған жігіт биік жартастан құлап, жарақаттанады.
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен азаматты тауып, тікұшақпен эвакуациялады. Ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Мамандардың айтуынша, құтқару жұмыстарын ауа райы айтарлықтай қиындатқан. Тауда қатты жел соғып, жаңбыр аралас қар жауған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үстел теннисінен Әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
12.05.2026, 10:34
Қарағанды облысында 5 полиция қызметкері «ерлігі үшін» медалімен марапатталды
12.05.2026, 10:33
Мектептегі буллинг: 272 ата-анаға айыппұл салынды
12.05.2026, 10:31
Бейжіңде Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
12.05.2026, 10:30
Трамп Тегеранның бейбітшілік туралы ұсынысын қабылдамады
12.05.2026, 10:16
Ресейде хантавирусқа қарсы вакцина шығарылмақ
12.05.2026, 10:12
Еуропада кеме жолаушыларының бірінен хантавирус анықталды
12.05.2026, 10:10
Хантавирус тараған кемеде эвакуация аяқталды
12.05.2026, 10:09