Алматы облысындағы 1,5 млн гектар жер санаулы адамға ғана тиесілі
Алматы мен Жетісу облысында орманды жерлерді жекелеген адамдар аң шаруашылығы үшін пайдалануға алып алған. Ал жергілікті халық мал жайып, шөп шабатын жер таппай отыр. Өңірдегі өзекті мәселе бүгін Мәжілісте көтерілді.
Депутат Зәкіржан Кузиевтің айтуынша, Алматы облысының Кеген ауданында орман қорының 415 мың гектар жері 12 адамға ғана тиесілі. Райымбек ауданында 523 мың гектарды небәры 11 адам аң шаруашылығы үшін қоршап алған. Ал Ұйғыр ауданында 6 адам 415 мың гектар жерді өзара бөліп алыпты. Бұл осы аудандағы орманды жерлердің 97 пайызын құрайды. Жайлау қожайындары аң аулап, саят құру үшін ғана келеді, дейді депутат.
Зәкіржан Күзиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
1,5 млн гектар жерге қазір 30 адам ие болып отыр. Мен дұрыс емес деп ойлаймын. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы, Талдықорған қаласында тұрады. Сол жерге келіп, 1-2 күн болады да кетеді. Ал сол жерде тұрып жатқандар, ауылда мал бағып жатқандар сол жерге малын шығара алмайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Газ баллондарының қауіпсіздігі: Құтқарушылар ескерту жасады
20.03.2026, 20:50
Ұшақта толғағы қысқан әйелге дәрігер көмек көрсетті
20.03.2026, 20:48
Премьер-министр Аралдың айналасын көгалдандыруды күшейту керектігін тапсырды
20.03.2026, 20:46
Тарихи ескерткіш маңына ағаш отырғызылды
20.03.2026, 20:44
Жаңа Конституция: Қазақстан заманауи мемлекеттік-саяси үлгіге көшті
20.03.2026, 20:43
Сарапшы: Мәслихат пен жергілікті атқарушы билік жұмысы үйлестіріледі
20.03.2026, 20:42
«Миранда» қағидаты адам құқығын қорғаудың кепілі
20.03.2026, 20:41
Қазақстанның экономикалық көрсеткіштері жоғары
20.03.2026, 20:38