Қатарда өткен шараға Қасым-Жомарт Тоқаевтан бөлек Того Президенті Фор Гнассингбе, Намибия Президенті Хаге Гейнгоб, Грузияның Премьер-министрі Ираклий Гарибашвили, сондай-ақ Еуропа, Азия және Африка елдерінің өкілдері қатысты. Мемлекет басшысы «In Conversation with President Tokayev» атты арнайы панельдік сессияға қатысып, «Bloomberg Television» жүргізушісі Манус Крэннидің сұрақтарына жауап берді. Бұл жолы Президент БҰҰ-ң жұмысын сынға алды. Блумберг сияқты алып арна арқылы тігісін жатқызып, төрткүл дүниеге бұндай мәлімдеме жасау саяси салмақ беретіні анық. Дегенмен, үлкен саясатта кей дүниеге қатысты үн қатпаған да дұрыс. Модератор «Президент Байденнің әкімшілігі Сауд Арабиясынан мұнайды көбірек өндіруді туралы талабын» келтіріп, осыған қатысты Тоқаевтың пікірін сұрап еді, әзіл-шынын араластырып жауап берді. «Мен Қазақстан Президентімін және Құрама штаттармен достық және анық қарым-қатынас болғанын қалаймын», - деді ол. Иә, алыптардың арпалысы, кім күшті екенін анықтау, біріне-бірі қайшы халықаралық қауымдастықтар. Ал миллиондаған адам елінен қашып, батыстың босағасынан сығалап, босып жүруге мәжбүр.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
БҰҰ ешқашан мұндай ыңғайсыз жағдайға тап болған емес. Тіпті «Қырғи-қабақ соғыс» кезінде де Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлігі бұдан әлдеқайда мығым еді. Мен БҰҰ-ның болашағына қатты алаңдаймын. Осы ретте, көпқырлы саясатқа сенемін. Бұл ретте мен халықаралық қауымдастықтың бірлік танытып, ынтымақтаса отырып, екі мемлекеттің бейбіт бітімге келуі үшін оң ықпал етуі керек деп санаймын.