Тұрғындар шағымы: Шұбар ауылының халқы карьермен күресіп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғындар шағымы: Шұбар ауылының халқы карьермен күресіп келеді

25.06.2022

Бас қаланың іргесіндегі Целиноград ауданына қарасты Шұбар ауылының тұрғындары шағымданды. Олардың айтуынша ауыл іргесінен карьер қазылған. Салдарынан елден маза кетіп жолдар бүлінген. Халық 2014 жылдан бері осы карьерлермен күресіп келеді. Себебі карьер қазуға ел әу баста рұқсат бермеген.

Бақытжан Серікұлы, ауыл тұрғыны:

Ол кісілерді 2 рет қайтарып жібердік. Олар кетіп қалды. Содан кейін олар барады да, олар қулық жасап, анау Аққкайың деген ауылдың ішінде мүгедектер үйі деген бар. Сөйтіп сол кісілердің ортасына барып, сол жерде өткізеді. Оларға енді аспаннан айды алып береміз дейді ғой енді. Ол кісілер енді қол қойып бере салады. 2018-2019 ба сосын басталып кетті. Оның алдында ептеп қазып жүрген.

Досбол Серғазы, ауыл тұрғыны:

Халыққа ешқандай да пайдасы жоқ. Тек қана үлкен-үлкен машиналармен тас жолдарды бұзу, шаңдату. Ең соңында халық демалуға мүмкіндік болмай кетті. Көк ала, көк шаң, анау жүк машиналары жарысқан кезде бір-бірімен ауыл көрінбейді. Бір айтамыз, екі айтамыз ескертіп, халық кішкене көтерілгенде су сеуіп бастайды сосын қайтадан қалады.

Серік Жанбеков, ауыл тұрғыны:

Түнде де, күндіз де қазады. Шум ең бірінші. Сосын мына кісілер радиокционный пыль дейді содан да қорқып жатыр. Мыналар біз білгеніміз бойынша 9 метр қазуға тиісті тереңдігі. Ал анау жағына қазір барып көрсеңіз 5 этаждың тереңдігі болып жатыр. Біз ойлаймыз нормасынан асып кетті мына қазып жатқандары.

Жұмыс жүріп жатқан орынға бардық. Жауапты басшысы болмады. Қызметкерлер ештеңе білмейміз деп жалтарды. Сосын заңгері отыратын жаққа жол тарттық. Бірақ ол камераны көре салып айқайға басып, сөзімізге құлақ аспады. Кейін барлығын заңды түрде жасап жатырмыз деп ақталды.

Мақсат Отарбаев, ауыл тұрғыны:

Халықтың жағдайын жасаймыз, ауылдың жағдайына көмек қыламыз. Көмегін бәрін жасаймыз деген әңгімелер болған өйткені мен өз құлағыммен естігем. Оның бәрі біреуі істелген жоқ. Шамалы салдырған асфальтіміз бартұғын 4 шақырым. Оның бәрі далдал шықты. Сосын артынан ешкім істеген жоқ, сомен міні қалды.

Радим Рахметов, Целиноград ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы:

Сол карьерлер жөнінде бірнеше кеңес өтті. Кәсіпкерлердің да қүқы бұзылмасын, халықтың да несі кетпесін, бір баланс табу керекта теңгерім. Сондай жұмыс жасап жатырмыз. Сол жердің бәрін көміп, орнын істеп кетеді обязательно.

Осы іске басымен жауапты, елдің сөзіне құлақ асуы тиіс әкімді телефон арқылы тінтіп жүріп таптық, ол тұтқаны көтере сала мәселенің шешімін тауып қойғанын айтты. Алғашында ауылда 3 карьер болған, қазіргі уақытта 2 карьер жұмысын тоқтатқан. Қалған 1 карьер осы тамыз-қыркүйек айларында жабылмақ екен.

Оразбай Сальменов, Шұбар ауылының әкімі:

Управлениядан жаңағы лицензия берген бәрі қарастырылып жатыр. Бір жасылтас деген өз еркімен лицензияны тоқтатып, енді Қызылтас деген осы күзге дейін істеймізда сосын тоқтатамыз деп отыр. Кейбіреулер тоқтатып жатыр, қалғандары шешіліп жатыр.

Ақыры түйткілдің түйінін тапқан болса әкімдіктің елді шулатпай неге барып халыққа мән-жайды айтпағаны таң қалдырады. Десе де бізге айтылған сөздің өтірік уәдеге айналмауын мұқият қадағалаймыз, 2 айдан соң қайта ораламыз бұл тақырыпқа.

Мадина Әлібекқызы


Хабарламаларға жазылу