Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындары өз күшімен ардагерлер аллеясын құрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда ауыл тұрғындары өз күшімен ардагерлер аллеясын құрды

01.08.2020

Шығыс Қазақстандағы Қарабұлақ ауылының тұрғындары өз күшімен ардагерлер аллеясын салды. Мыңға жуық халқы бар елдімекеннен соғыс және еңбек ардагерлері көптеп шыққан. Ауылдың құрылып, өркендеуіне ат салысқан, ел басқарған азаматтардың бейнесі тасқа қашалып арнайы ескерткіш орнатылды. Аллея құрылысына кеткен қаражатты тұрғындар өздері жинаған. 

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу