Заң жобасы: Бір көзден мемлекеттік сатып алу қысқарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заң жобасы: Бір көзден мемлекеттік сатып алу қысқарады

21.06.2022

«Самұрық-Қазына» мемлекеттік сатып алу ісін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісіп жүргізуге міндеттеледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрлігі мәлімдеді. Ведомства мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру бойынша заң жобасын әзірлеп, парламент қабырғасында талқылады. Заңнамалық тұрғыда бекітілетін міндеттеме қордың тиімсіз сатып алуын қысқарту мақсатында жасалып отыр деді вице-министр.

Абзал Әбдікәрімов: ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Қордың бәсекеге қабілетсіз сатып алуын қысқарту үшін холдинг ішілік кооперация шеңберінде сатып алу тәсілі алып тасталады. Сондай-ақ, заң жобасы жеткізушілердің сатып алу тәсіліне қарамастан сатып алуға шағымдану құқығы қарастырылған.

Заңға енгізілетін түзетулер бір көзден мемлекеттік сатып алуды қысқартады. Бұл сыбайлас жемқорлықты барынша азайтып, бәсекелестікті дамыту мақсатында қолға алынған шара. Жалпы заң жобасында мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын тоқсан сайын бағалау, креативті индустрияны дамыту, салық түсімдерінің кей түрлерін жергілікті бюджетке беру қарастырылған.

Саламат Омаш

Хабарламаларға жазылу