Батыс Қазақстанда соңғы бес айда 150-ге жуық өрт оқиғасы тіркелді
Батыс Қазақстан облысында тек өткен бес айда ғана 150-ге жуық өрт оқиғасы тіркелді.
Бұл –былтыр бір жылда болған өрттің санымен тең. "Тілсіз жаудың" алдын алу мақсатында өңірде тактикалық оқу-жаттығу өтті. Оған табиғи апат жиі болатын Орал қаласы мен Ақжайық, Бәйтерек және Теректі аудандарының аумақтық бөлімшелері қатысты. Былтырғы талдау нәтижесі орман, дала өрттерінің 99 %-ы адамның кесірінен болатынын көрсеткен.
Қазір тоғайда демалушылардың көбеюі мен шөп шабу науқанының басталуы кезінде өрттің техникалық қауіпсіздік шараларын сақтау, алдын алу өте маңызды дейді құтқарушылар.
Рашид Біләлов, облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары:
Бүгінгі оқу-жаттығуға 148 жеке құрам және 30 техника жұмылдырылып, аудандық жергілікті атқарушы қызметкерлер, орман шаруашылығы мекемесінің қызметкерлері үш ауданның және төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері қатысты. Оқу-жаттығудан соң анализ жасалады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
14.07.2026, 17:33
Қазақстандықтар Индонезияға визасыз барады
14.07.2026, 17:31
Конституция – әділетті қоғам негізі
14.07.2026, 17:29
ОСК: Құрылтайға 546 депутат ұсынды
14.07.2026, 17:27
Сот орындаушысына сотқа дейін шағымдану тәртібі енгізіледі
14.07.2026, 17:25
Жаңа Конституция Қазақстанның тұрақты экономикалық өсу моделіне көшуін айқындады
14.07.2026, 17:22
Ірі кәсіпорындардың шығарындылары цифрлық бақылауға алынды
14.07.2026, 17:20
Текелідегі ЖЭО-ны жаңартып жатыр
14.07.2026, 17:17