Басты Жаңалықтар Ірі кәсіпорындардың шығарындылары цифрлық бақылауға алынды

Ірі кәсіпорындардың шығарындылары цифрлық бақылауға алынды

Өндіріс орындарының шығарындыларын бақылау автоматтандырылмақ. Экология және табиғи ресурстар министрлігі ірі кәсіпорындардың атмосфераға шығаратын зиянды заттарын бақылау цифрлық форматқа көшірілетінін хабарлады.

Яғни енді өндіріс орындары, кәсіпорындар автоматтандырылған бақылау жүйесі арқылы тәулік бойы үздіксіз қадағаланады. Зиянды заттардың көлемі мен құрамын нақты уақыт режимінде өлшеп, барлық мәліметті автоматты түрде мемлекеттік ақпараттық жүйеге жолдайды. Бұл экологиялық ахуалды бақылауға, белгіленген нормативтердің сақталуын жедел анықтауға мүмкіндік береді, дейді мамандар. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, ел бойынша мұндай жүйені 113 ірі кәсіпорында енгізу жоспарланған. Қазіргі уақытта оның 90-ында жабдық орнатылды.


Бөлісу