Текелідегі ЖЭО-ны жаңартып жатыр
Жетісу облысы Текелі қаласындағы жылу электр орталығы жаңартылып жатыр. Кезінде тек көмірмен жұмыс істеген нысан енді көгілдір отынға көшеді. Құны 39 миллиард теңгелік жобаның нәтижесінде станция қуаты артып, өңірді энергиямен қамту жақсара түспек. Құрылысы былтыр басталған. Қазір мұнда қандай жұмыстар жүріп жатыр? Жаңартудан келер пайда қандай? Нұрдәулет Сыздық айтып берсін.
Жылу электр орталығындағы жаңарту
жұмыстары тек Текелі тұрғындары үшін ғана емес, мұндағы 270-ке жуық қызметкер
үшін де үлкен қуаныш. Швейцариялық қондырғылармен жабдықталған станса толық
автоматтандырылған. Бұл мамандардың жұмысын жеңілдетіп, еңбек қауіпсіздігі мен
өндіріс тиімділігін арттырады.
Мұхтар Сыдықов, бу-газ
қондырғыларының жөндеушісі:
Халыққа жылу керек, ыстық су керек. Осының барлығы осы жерден жөнелтіледі. Экологияға таза. Жаңа үлгіде жасалғаннан кейін бұл онша көп бұзыла бермейді.
Текелі жылу электр орталығын жаңғырту жобасы аяқталуға жақын. Қазірдің өзінде
жалпы қуаты 36 мегаватт болатын үш газ турбиналық қондырғы іске қосылды. Енді
үшінші кезеңде бу турбинасы мен үш қазандық-утилизатор орнатылады. Жоба толық
аяқталғаннан кейін стансаның электр қуаты 53 мегаваттқа жетіп, аймақтағы электр
энергиясы тапшылығын азайтады.
Марат Рашидұлы, бу-газ
қондырғылары цехының басшысы:
Жобаның алғашқы екі кезеңін аяқтап, жалпы қуаты 36 мегаватт болатын үш газ турбиналық қондырғыны іске қостық. Енді үшінші кезеңді аяқтауды жоспарлап отырмыз. Осылайша үш қазандық-утилизатор мен қуаты 17 мегаватт болатын бу турбинасын орнатамыз. Жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.
1960 жылы салынған жылу электр орталығы жаңартылғанымен, жұмыс жүйесі түбегейлі
өзгермейді. Кәсіпорын бұрынғыдай көмірді де отындыққа қолданады. Бірақ оған
қосылған бу-газ қондырғылары электр энергиясын көбірек өндіруге мүмкіндік
береді. Ең бастысы, бір қондырғы уақытша тоқтаса, екіншісі оның жұмысын
жалғастырады.
Нұрлан Шаяхметов, қалалық ТҮКШ
және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы:
Ескі кешенді де жұмыстан айырмайды. Бұл да жұмыс істейтін болады. Екеуі кезек-кезегімен жұмыс істейді. Екеуі бір-бірімен байланыстырылған. Ескі кешеннің өзінің белгіленген жылу мөлшері – 42 гигакалория. Қазір жаңадан салынып жатқан ғимараттың қуаттылығы – 47 гигакалория.
Сарапшылардың пікірінше, бу-газ технологиясын енгізу отынды үнемді пайдалануға
мүмкіндік береді. Бұл энергия өндірісінің тиімділігін арттырып, экологияға
келер зиянды да азайтады. Мұндай жобалар еліміздің жасыл энергетикаға
кезең-кезеңімен көшуіне де ықпал етеді.
Автор
Нұрдаулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде «Жасыл ел» мүшелері балалармен кездесті
14.07.2026, 17:39
«QAZAQSTAN», «Qazsport» – 23:50: Франция мен Испания
14.07.2026, 17:38
Мәскеуде домбыра үйірмелері де көбейіп келеді
14.07.2026, 17:37
Алтын Орда ескерткіштері өткеннің өркениетін көрсетеді
14.07.2026, 17:36
7 мыңдай қыз-келіншек әскери қызметте
14.07.2026, 17:35
Ел жаңалықтарына шолу
14.07.2026, 17:33
Қазақстандықтар Индонезияға визасыз барады
14.07.2026, 17:31
Конституция – әділетті қоғам негізі
14.07.2026, 17:29