Басты Жаңалықтар Ел жаңалықтарына шолу

Ел жаңалықтарына шолу

Астанаға 5 жылда 454 мың адам көшіп келген

Кейінгі бес жылда Астанаға 454 мың адам көшіп келген. Қала сыртына қоныс аударып жатқандар да аз емес. Әсіресе, Қосшыдан үй алғандар көп. Олардың саны 2021 жылдан бері 18 мыңнан 66 мың адамға дейін, 3 есе артқан. Қосшы тұрғындарының ішінде Астанада жұмыс істейтіндер жетерлік. Күн сайын екі арада 22 мың көлік қатынайды.

Туристердің көбі Алматының таулы аймақтарын таңдайды

Қазақстанға келетін туристердің көбі Алматының таулы аймақтарын таңдайды. Мұнда үш айда 131 мыңнан астам шетелдік демалған. Бұл Бурабайға баратын саяхатшылар санынан 4 жарым есе көп. Былтырғы статистика да осыған ұқсас. Алматының табиғатын бір жылда 1 жарым миллионнан астам адам тамашаласа, Бурабайға 295 мың, Маңғыстауға 255 мың турист барған.

Қазақстан кардиохирургия саласында үздік 30 елдің қатарына кірді

Қазақстан кардиохирургия жағынан әлемнің үздік 30 елінің қатарына енді. Елде бір жылда жүрекке 13 мыңнан астам ашық ота жасалған. Бұл былтырғы жылдан 7 пайыз көп. Бүгінде отандық кардиологияда медициналық көмектің 80-нен астам түрі көрсетеледі. Тек соңғы үлгідегі технологиялар қолданылады. Соның арқасында тұрғындар енді шетелден ем іздемейді.

Қазақстан құрамасы таеквондодан әлем кубогынан күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы таеквондодан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды. Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан жарыста біздің команда әуелі Мароккодан, артынша Ресейден басым түсті. Бірақ ақтық сында Қытай құрамасына есе жіберді. Жалпы командалық әлем кубогына 10 мемлекеттен 80 даянг шебері жиналды.


Бөлісу