«IQanat» мектебінің түлектеріне аттестат табысталды
Бурабайда орналасқан «IQanat» (айқанат) бірегей мектебінің түлектеріне аттестат табысталды.
Білім ордасын 118 оқушы бітірді. Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша орташа балл – 109. Қазірдің өзінде түлектердің арасында шетелдік және қазақстандық белді университеттерге оқуға түскендер бар. Бұл осымен екінші түлектер. Заманауи оқу ордасы екі жыл бұрын ашылған. «IQanat» - республикалық олимпиаданың ақтық сынына жетіп, жоғары нәтиже көрсеткен ауыл балаларына арналған мектеп-пансионат. Мұнда 10-11 сынып оқушылары тегін білім алады. Іріктеу республика бойынша өтеді. Сондықтан барлық өңірден келген оқушылар бар. Балаларға мұндай жағдай қамқоршылардың арқасында жасалып отыр.
Махаббат Хавал, мектеп түлегі:
Мен өзіме білім берген, яғни «IQanat» мектебінде білім берген ұстаздарыма, мені біліммен қамтамасыз етуге қаржылай тұрғыдан көмек берген қамқоршыларға көптен-көп алғысымды білдіргім келеді. Өзім сияқты бітіріп жатқан түлектерге тек қана сәттілік. Қадамдарына нық тұрып, мақсаттарына ұмтылса деген ойдамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05