Ауылдың дарынды балалары IQanat мектебіне жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауылдың дарынды балалары IQanat мектебіне жолдама алды

22.06.2023

IQanat дарынды балаларға арналған республикалық олимпиаданың үздіктері анықталды. 824 оқушы бақ сынаққан білім додасында 110 оқушы жеңіп шықты. Барлығы ауыл балалары. Жобаның да ерекшелігі осы. Қазақстандық ірі кәсіпкерлер тек ауылдың дарынды балалары арасынан іріктеу жасап, олардың үздік оқу орындарында білім алуына мүмкіндік туғызуда.

IQanat олимпиадасында жеңіп шыққандардың бірі Шоқан Томирис. Ол Абай облысындағы Үржар ауданының тумасы. 8 сынып оқушысы IQanat олимпиадасы 3 кеңезнен тұрғанын айтады. Бірінші айналымына 37мыңнан аса оқушы қатысқан. Екінші кеңезіне тек 7 мыңнан астамы ғана өткен. Олардың тек 110 ғана доданың жеңімпазы атанды.

Томирис Шоқан, олимпиада жеңімпазы:

IQanat мектебі қазақстандық ірі кәсіпкерлердің қолдауымен бастау алған. Мына сахна төріндегі жандардың барлығы осы қорғаа демеушілік жасаған қамқоршылар.

Қайратбек Қасенбеков, жоба қамқоршысы :

Ауылдан Арманға деп ұрандатқан IQanat мектебінің ашылғанына 6 жыл болған. Қазір бұл білім ордасының түлектері әлемнің және еліміздегі ең үздік оқу орындарында білімдерін жалғастыруда.


Хабарламаларға жазылу