«Жас Ұлан» түлектері аттестат алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас Ұлан» түлектері аттестат алды

23.06.2023

Шымкентте «Жас Ұлан» мектебінің түлектері аттестат алды. Оқу ордасын 129 оқушы тәмәмдады. Дәстүрлі мектеп бағдарламасымен қатар мұнда әскери қызметтің негізі оқытылады. Түлектердің дені жоғары әскери оқу орындарына түсуді жоспарлап қойған. Болашақта Отан қорғаушылар қатарына қосылуды көздейді. Қолына орта білім туралы аттестат тиген түлектер салтанатты сап түзеп, дәстүр бойынша аспанға тиын лақтырды. Бұл болашақ әскери мансаптың мінсіз болуына ырымдап жасалатын рәсім екен.

Нұрберген Талғат, мектеп түлегі:

Бүгінгі күн бізге өте ерекше күн деп санаймын. Себебі біз екі жылымызды өзіміздің ыстық командирлерімізбен және де жолдастарымызбен өткіздік. Осы күндерге көптеген алғыс айтамын. Әрі қарай екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Бегельдинов атындағы әуе қорғаныс күштеріне түскім келеді.



Хабарламаларға жазылу