Республикалық «Iqanat» олимпиадасының жеңімпаздары белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық «Iqanat» олимпиадасының жеңімпаздары белгілі болды

24.06.2022

Республикалық «Iqanat» олимпиадасының жеңімпаздары белгілі болды. Білім бәсекесіне елдің түкпір-түкпіріндегі 164 ауданнан 750 оқушы қатысты. Соның ішінен жүзден жүйрік шыққан 100 бала «IQanat High School of Burabay» мектебінде оқуға шақырту алды. Олимпиаданың жабылу салтанатына Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов қатысып, ауқымды шараның аяқталуымен құттықтады. Бұдан бөлек, ауыл мектебінің шәкірттерін марапаттау рәсіміне елімізге белгілі тұлғалар ат салысты.

Ерзат Жәлел, Олимпиада жеңімпазы:

Иә, мен өзіме олимпиада өте қатты ұнады және де мен осы мектепке түсу үшін өте көп дайындалдым. Болашақта өзім инженер мамандығын таңдадым. 01:55 Мен яғни «Оксфорд» мектебіне түсу үшін қолымнан келгенінше барынша дайындалуға тырысамын. Сондай-ақ осы арманыма жететініме толықтай сенемін.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу