Түркістан облысында перзентханадағы аналар дауыс беруде
Оңтүстік жұртының референдумға қатысуы әдеттегідей белсенді. Аймақта дәл осы күні дүниеге перзент әкеліп жатқан аналар да саяси шарадан қалыспай өз таңдауларын жасап жатыр.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Халқы ең көп, тығыз орналасқан аймақ саналатын Түркістан облысында да тұрғындар белсенді дауыс беріп жатыр. Қазір біз қаладағы 3 перинаталдық орталықта тұрмыз. Іңгәлаған сәбилердің дауысын естудің өзі керемет. Еліміздегі әрбір бесінші сәби өмірге келетін облыста жас босанған аналар да маңызды шарадан қалыс қалмай дауыс беруде. Мұнда жалпы саны 156 әйел дәрігерлердің бақылауында болса, оның 112-сі жас босанған аналар. Комиссия мүшелері әр палатаға кіріп, аналардың дауыс беруіне мүмкіндік жасауда. Айта кетейік, Түркістан қаласында дәл осындай 50 референдум учаскесі бар. Оның екеуі ауруханалардың ішінде орналасқан. Жалпы саяси науқанға қала бойынша 118 мыңға жуық сайлаушы қатысып, дауыстарын береді деп күтілуде.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мұнай бағасы шілдеден бері алғаш рет 100 доллардан асты
09.09.2026, 20:18
АҚШ пен Иран бір-бірінің кемелеріне соққы берді
09.09.2026, 20:17
Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен салынған балабақша бүлдіршіндерге толы
09.09.2026, 20:15
Қарағанды облысында ұлттық жоба аясында 92 медициналық нысан қолданысқа берілді
09.09.2026, 20:15
ДСМ фастфуд пен энергетикалық сусын жарнамасына шектеу қоюды ұсынды
09.09.2026, 20:14
Мектептерде ас мәзірі жаңартылды
09.09.2026, 20:13
Қайтарылған активтер ел игілігіне жұмсалуда
09.09.2026, 20:12
Президент кітабы ел ішінде талқыланып жатыр
09.09.2026, 20:10