Ресей Украинаның астық экспортына тосқауыл емес – Путин мәлімдемесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей Украинаның астық экспортына тосқауыл емес – Путин мәлімдемесі

04.06.2022

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу Украинаның астығын экспорттауға кедергі келтіріп отырғанын жоққа шығарды. Оның сөзінше, Киев өнімді Беларусь арқылы тасымалдай алады. Бірақ бұл үшін Беларусьтен санкцияларды алып тастау қажет деді. Сонымен бірге Путин көпшілік әлемдегі азық-түлік нарығындағы қиындықтарға Ресейді айыптайды, дегенмен бұл проблеманың туындауына Украинадағы «арнайы әскери операцияның» еш қатысы жоқ деп мәлімдеді.

Хабарламаларға жазылу