БҰҰ бас хатшысы Украинаның Буча мен Бородянка қалаларына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ бас хатшысы Украинаның Буча мен Бородянка қалаларына барды

28.04.2022

Ресей күштері Украина әскерінің солтүстіктен ұрыс жүріп жатқан шығысқа қарай жылжуына тосқауыл қою үшін шабуылды күшейтті.Украина қарулы күштерінің баспасөз хатшысы Александар Штупун осылай деп мәлімдеді. Шайқас әсіресе Слобожанское және Донецк бағыттарында күшейген.

Ресей Қорғаныс министрлігі бүгінгі мәлімдемесінде Украинаның 4 әскери нысанына, елдің шығысындағы Барвенково және Ивановка елді мекендері маңындағы екі зымыран және оқ-дәрі қоймасына соққы бергенін айтты. Сонымен бірге Луганск жанында украиналық Су-24 ұшағын атып құлатқан.

Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш Украинаның солтүстігінде Ресей соққы беріп, оккупациялаған Буча мен Бородянка қалаларына барды. Жантүршігерлік кадрларға куә болды. «21-ғасырда соғысқа жол берілмеуге тиіс»,-деп мәлімдеді Гутерриш.

Бұған дейін Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Мәскеуге барып, президент Владимир Путинмен кездескен еді. Басқосуда Гуттериш Кремль басшысымен Мариупольдегі «Азовсталь» зауытынан адамдарды эвакуациялау мәселесін талқылады. Путин болса, ұйымның қатысуымен бейбіт тұрғындарды көшіруге келісетінін мәлімдеді.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу