Басты Жаңалықтар Конституция күнінде ауа райы жылы болады

Конституция күнінде ауа райы жылы болады

Конституция күнінде ауа райы жылы болады

Қазақстанда Конституция күнінде ауа райы жылы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» орталығы. «28-ші тамыздан бастап ауа температурасы 23-28 градусқа көтеріле бастайды, ал кей жерде 33 градус болады. Мереке күндері ауа райы жылы болады», делінген хабарламада.

Еске сала кету керек, алдағы мереке күндері қазақстандықтар үш күн – 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек күндері демалады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай және Қарағанды облыстарында ауа райы құбылмалы болуы ықтимал. Қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Сондай-ақ, желдің жылдамдығы 15-22 м/с жетеді, деп күтілуде. Ауа температурасы 23-28, кей жерде 18 градус болады.

Ал елдің басқа аймақтарында жауын-шашын болып, солтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы түнде 5-13 градусқа төмендеуі мүмкін. Күндіз 15-22 градус жылы болады.

Бөлісу