Басты Жаңалықтар Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ

Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ

Келер жылдан бастап Ұлыбритания үкіметі 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді қолдануға тыйым салғалы жатыр. Жаңа заң TikTok, Instagram және YouTube сияқты платформаларды қамтығанымен, хат алмасуға арналған WhatsApp секілді мессенджерлерді шектемейді. Билік осыған ұқсас заң қабылдаған басқа елдерден де қатаң әрекетке баруды көздеп отыр. Яғни жас жеткіншектерге тікелей эфир жүргізуге және бейтаныс адамдардың балаларымен байланысқа шығуға тыйым салмақ. Ойын сайттары да назардан тыс қалмайды. Ұлыбританияда жас жеткіншектер арасында ең танымал ойын платформасы Роблоксқа рұқсат етілгенімен, оның кейбір функциялары, мысалы чат, заңмен шектелуі мүмкін. Үкімет заң шығармас бұрын мұғалімдер, ата-аналар және балалардың өзімен алдын ала ақылдасқан. Олардың 90 пайызы мұндай шектеуді қолдап отыр.

Джулия Дэвидсон, Шығыс Лондон университетінің профессоры:

Дәл осындай шаралар Австралияда да қабылданғаны белгілі. Бірақ ол жақта шектеуді VPN арқылы сырт айналып өтетін балалар көбейген. Сондықтан тыйым салу тығырықтан шығар жалғыз жол емес. Жеткіншектердің ғаламтордағы қауіпсіздігіне бүкіл қоғам болып атсалысуымыз керек.
Бөлісу