Испания құрамасы жартылай финалға өтті
Доп додасы мәреге жақындады. Әлем біріншілігінің жартылай финалына шыққан алғашқы жұп белгілі болды. Кеше Лос-Анджелес қаласында Испания мен Бельгия командалары кездесіп, тартысты ойын өткізді. АҚШ-тағы аладоп аламаны жайлы Шерхан Жамбылұлының материалында.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Ширек финал. Бәсекенің бәсі артып келеді. Жанкүйерлер қолдауы мұндайда аса маңызды. Мінеки бельгиялық жанкүйерлер Лос-Анджелес көшелерінде шерулетіп, әндетіп жатыр.
Ту желбіретіп, бетіне бояу жаққан, түрлі костюм мен құрама жейдесін киген жанкүйерлер стадион маңын нағыз футбол мерекесіне айналдырды. Турнир қожайыны АҚШ-ты жарыс жолынан шығарған кейін бельгиялықтардың сенімі еселене түскен. Олар бүгін де өз құрамасының жеңісіне сенімді.
Филип, Бельгия жанкүйері:
Әлем кубогынан керемет әсер алдық. Бұған дейін Сиэтлде бір апта болдық. Адамдары жылы жүзді екен. Қаланың да атмосферасы ерекше ұнады. Жалпы, Америкадағы адамдарды жақсы көріп қалдық. Біздің сапарымыз әрі қарай да жалғасады деп сенемін.
Испан жанкүйерлері ән шырқап, қызыл-сары туларын желбіретті. Көпшілігі матчқа отбасымен келген. Лос-Анджелестегі испантілді қауым да қызыл фурияға қолдау көрсетіп, стадиондағы мерекенің көркін қыздырды.
Қос құрама бұған дейін 22 рет кездескен. Алайда соңғы 3 ойында испандар басым болды.
Төреші сықырығы естілісімен командалар шабуылға ден қойды. 30 минутта Фабиан Руис есепті ашты.
Бельгиялықтар көп ұзамай, жауап қайырды. Де кетелара осы чемпионат барысында Унай Симон қақпасына гол соққан алғашқы ойыншы атанды.
Дегенмен шешуші сәтте Испания өз мүмкіндігін мүлт жібермеді. Осылайша олар чемпиондыққа басты үміткерлердің бірі екенін тағы да дәлелдеді.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Иә қарқыны қатты болған ойын тағдырын кезекті мәрте Микель Мериноның голы шешіп кетті. Бельгиялықтао соңғы сәтке дейін сыр алдырмаса да испаниялықтар қарсылас қақпасының кілтін таба білді. Жанкүйерлер қуанышында шек жоқ. Енді Испания финалға жолдама үшін Франциямен кездеседі.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үй шаруасына арналған робот
11.07.2026, 20:08
Бибісара Асаубаева ширек финалға жолдама алды
11.07.2026, 20:07
Ұлыбританияда балалардың әлеуметтік желілерде отыруына шектеу қойылмақ
11.07.2026, 20:07
«Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» халықаралық фестивалі өтті
11.07.2026, 20:06
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясының екінші кезеңі өтті
11.07.2026, 20:05
Саяси реформалар ел дамуына жаңа серпін береді
11.07.2026, 20:05
О.Бектенов «Болашақ ойындары 2026» турниріне дайындықты тексерді
11.07.2026, 20:05
Конституциялық Сот түсіндірмесі құқықтық талаптарды айқындады
11.07.2026, 20:04