«Бала құқықтары: іштен көзқарас» байқауының қорытындысы шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бала құқықтары: іштен көзқарас» байқауының қорытындысы шықты

01.06.2022

Бүгін «Бала құқықтары: іштен көзқарас» атты байқаудың жеңімпаздары марапатталды. Конкурсқа бас-аяғы 120 бала қатысқан. Оның 30-дан астамы үздік деп танылып, сый-сияпат берілді. Байқау талабына сәйкес, қатысушылар балалар құқығы жөнінде өзі жасаған бейнероликті немесе сурет салып жіберуі тиіс. Адам құқығы жөнінде уәкіл Эльвира Азимованың айтуынша мақсат - осы еңбектері арқылы балалардың құқықтық сауатын арттыру

Ангелина Ильина, байқау жеңімпазы:

Мен бүгін 1-орын алдым, өте қуаныштымын. Зорлық-зомбылық, кибербуллинг тақырыбында сурет салған болатынмын. Себебі қазір мектепте, көшеде неше түрлі жағдай болып жатыр. Менің тілегім - соның бәрі қайталанбаса екен.

 Эльвира Азимова, ҚР Адам құқықтары жөнінде уәкіл:

Балалардың өміріне, қауіпсіздігіне қауіп жасамау керек. Сондықтан қоғам, мемлекет бірігіп, нақты іс-шараларды жасауымыз керек. Тек заңды қабылдау емес, балалардың құқығын қорғау - тек мемлекеттің ғана емес, қоғамның идеологиясы.


Хабарламаларға жазылу