Трансплантацияға жаңа көзқарас - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трансплантацияға жаңа көзқарас

17.10.2014
Трансплантацияға жаңа көзқарас

Қоғамда трансплантацияға жаңа көзқарас қажет. Өйткені отандық медицина дамып, соңғы 5 жылда ағза ауыстыру қолға алынғанымен кенжелеп келеді. Себеп - көптің көзқарасында. Екінің бірі қайтыс болған жақынының ағзасын бере бермейді. Соның салдарынан талай науқас өмір сүру мүмкіндігінен айрылады. Бұл туралы бүгін Алматыда транспонтолог мамандар мен діни басқарма өкілдерінің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Қазір түрлі фактор мен себепке байланысты көп адам трансплантацияны қажет етеді. Арасында сәбилер де бар. Әрқайсысына шұғыл жәрдем қажет. Алайда донор банкінде аса қажетті бүйрек, бауыр, жүрек және тағы басқа ағзалар тапшы. Соңғы мәліметтер бойынша бүгінгі күні елде 1800 ересек және 49 бала бүйрек ауыстыруға мұқтаж. Сондай-ақ, жүрек трансплантациясын 66 ересек пен 13 бала қажет етсе, бауырды 580 адам, өкпе ауыстыруды 4 адам күтіп отыр.

Жазира ИСАЕВА 

Хабарламаларға жазылу