«Асыл мұра» VII республикалық байқауы қорытындыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Асыл мұра» VII республикалық байқауы қорытындыланды

30.03.2015
«Асыл мұра» VII республикалық байқауы қорытындыланды

Алматыда «Асыл мұра» халықтық дәстүрлі ән және аспапта орындаушылардың VII республикалық ән-би байқауының қорытындысы белгілі болды.

«Ғұмырдария» халықаралық өнер бірлестігі ұйымдастырған шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 5 пен 17 жас аралығындағы 570  өнерпаз қатысты.

Көркемсөз оқу аталымы бойынша 120, аспапта ойнаудан 110 бала, ал, 90 үміткер эстрадалық вокал аталымы бойынша бақ сынады.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен қатар, халықаралық байқауларға жолдамалар берілді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу