«Жас өрен» байқауының жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жас өрен» байқауының жеңімпаздары анықталды

27.10.2022

Бірінші рет республикалық композиторлар мен ақындар арасында өткен балалар әні мен поэзиясына арналған «Жас өрен» республикалық байқауының қорытындысы шықты. Президент жариялаған биылғы «Балалар жылында» өткізілген бұл жобаның басты мақсаты – балаларға арналған отандық шығармаларды дәріптеу, балалар композиторлары мен ақындардың шығармаларын білім мекемелерінде насихаттау.

Жадыра Байбұланова, «Жас өрен» байқауының жеңімпазы:

Әлеуметтік желі арқылы өтініш бердім. «Әшекей» деп аталатын балаларға арналған, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін үлкен шығарма жиынтығы осы байқауда бірінші орын иеленді.


Хабарламаларға жазылу